Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: Жаңартылған білім беру мазмұны: тәжірибеден теорияға- мәселелер мен шешімдер

Жаңартылған білім беру мазмұны: тәжірибеден теорияға- мәселелер мен шешімдер 27 Фев 2018 09:03 #18524

Құрметті әріптестер, міне жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жарты жылға жуық жұмыс тәжірибесін жинақтадық. Әдетте, теория алдымен кейін тәжірибе болатын. Сіздердің жағдайларыңызда керісінше болып отыр. Алдымен, тәжірибе енді ғана теориялық тұрғыда әдістемелік көмек алып отырсыздар. Осы уақыт аралығында қордаланған мәселелермен бөлісіп отырсаңыздар. Түйінді мәселелер бойынша өзіңізге қажетті білім алып жатырсыз ба?
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Жаңартылған білім беру мазмұны: тәжірибеден теорияға- мәселелер мен шешімдер 27 Фев 2018 09:17 #18525

Табулова Қорлығайын Советовна, № 2 ЖОББМ: Менің ойымша, қазіргі уақытта жаңартылған білім мазмұны бойынша өтіп жатқан курстың маңыздылығы өте зор. Өйткені тәжірибе арқылы теориямен танысу әдісі тиімді. Проблемалық сұрақтар мен жағдаяттарды шешу арқылы мұғалімдер жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларға тақырыптарды меңгерту жолдарын табады. Оқушыларға оқудың, мұғалімдерге оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануда нәтижеге қол жеткізетін жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Жаңартылған білім беру мазмұны: тәжірибеден теорияға- мәселелер мен шешімдер 28 Фев 2018 04:26 #18526

Мен осы курсқа келмес бұрын жаңартылған білім мазмұны бойынша көптеген мәселелер түсініксіз болған еді. Қазіргі уақытта осы курстан алған теориялық білімді практикалық жұмыстармен ұштастырып, сабақ құрылымын құрастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді үйренгенім қуантарлық жағдай.Осы ұтымды жақтарымен оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артатынына сенімдімін.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Жаңартылған білім беру мазмұны: тәжірибеден теорияға- мәселелер мен шешімдер 28 Фев 2018 07:25 #18527

Әрине, жаңартылған білім беру теориясын алып, тәжірибеме қолдансам деген ойым бар. Себебі бұл білім келешек ұрпақтың болашағына жол ашпақшы. Себебі өз алған білімдерін өмірмен ұштастыра біледі және оны өмірде қолдана алуына мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны біз бір жыл ұрын естіп білдік. Бүгінгі күні өзіміз оқып, түйткілді мәселелерге жауап тапқандаймыз. Себебі әріптестеріміз тәжірибесіне қарап, көп нәрсені үйрендік, алдымен аздап тәжірибенің болғаны да жақсы екен. Басында бағдарламаны қабылдай алмағанымыз шындық. Бірақ осы курс бізге бағдарлама туралы көзқарасымызды өзгертті, басында көп нәрсені жеткілікті түсінбедік. Енді ғана бұл бағдарламаның қажеттілігін, балаға беретінін ұғындық. Артықшылықтары мен ерекшеліктерін де көңілімізге түйіп қойдық. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істегенде осы алған білімімді пайдалансам деген үлкен құлшыныс пайда болды. Тәсілдердің алуан түрлілігі, бағдарламаның тәжірибелік маңыздылығы біздің түбегейлі көзқарасымызды өзгертті. Мұғалімге 5 жыл аралық деген өте ұзақ әрі тиімсіз. Мұғалім әр 2-3 жылда өз біліктілігін арттырса деген өтініш бар. Себебі бәсекеге қабілетті болғым келеді. Ең бастысы, оқу мақсаты дегеніміз не екендігін, оған жетудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерді, қалыптастырушы бағалаудың жолдарын, тіпті тиімді сұрақ қоюдың сырларын жете меңгердім. Курсқа келіп, шабыттанып қайтып барамын. Бұл бағдарламамен жұмыс істейтін әріптестерімнің жұмысына тың серпін беремін деп ойлаймын.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Жаңартылған білім беру мазмұны: тәжірибеден теорияға- мәселелер мен шешімдер 28 Фев 2018 07:56 #18528

Менің ойымша, жаңартылған оқу бағдарламасын қолдану барысында оқушылардың пәнге деген ынтасы, белсенділігі артып, іздемпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттерін дамыта түсетіндейміз. Заманымызға сай, оқушылардың әдемі сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, өз ойын сауатты, толық жеткізу дағдыларын одан әрі жетілдіреміз, алған білімдерін өмірде тиімді қолдану арқылы функционалды сауатты ұрпақ тәрбиелеуге жол ашамыз деген сенімдемін. Себебі, осы жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өту арқылы түрлі әдіс-тәсілдерді, тапсырмалардың өзін қалай дайындау, қалай бағалау керектігін және өмірмен байланыстыра білу керектігін ұғына түстік. Өз басым, 5-сыныпқа сабақ беруге асығамын, себебі онда жаңаша білім, жаңаша көзқарас басым, бір сөзбен айтқанда заманауй қарқын байқалады. Ал, 6, 8, 9, 11- сыныптарға сабақ бергенде өзіміздің үйреншікті әлемімізде, ескіше көзқараста жүргенімізді жете түсіндім.Шынымен, жаңартылған білім мазмұны ауадай қажет екендігін ұғындым. Қорытындылай келе, жаңартылған білім мазмұнына деген қызығушылығым да, үнемі ізденіске деген құлшынысым да, үздіксіз білім алуға деген махаббатым тереңдей түсті. Заман ағымына сай белсенді оқушыға белсенді мұғалім болуымыз қажет.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Смагулова Бахыт Туяковна

Жаңартылған білім беру мазмұны: тәжірибеден теорияға- мәселелер мен шешімдер 28 Фев 2018 08:23 #18529

2018 жылдың 12-ақпанынан бастап ҚР орта білім мазмұны шеңберінде қазақ тілді мектептерінде "Қазақ тілі" мен "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы өткізілуде. Курстың негізгі мақсаты - мұғалімдерге жаңаша бағдарламаның аясында білім алушыларды "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы арқылы алған білімдерін өмір тәжрибесімен ұштастыру. Курста мұғалімдер қауымы жаңартылған ғылыми терминдермен сөздік қорларын арттырды. Әдіс-тәсілдермен тарихи құндылықтардың маңызын, бағалау жүйесіндегі өзгерістерге оқушылардың да көзқарасын да қалыптастыруға үйренді. Жалпы бұл курс мұғалімдер үшін дер кезінде ұйымдастырылған тәжірибелік тұрғыдан да, теориялық тұрғыдан да аса пайдалы болғандығын айта кетуіміз керек. Себебі қыркүйектен бастап түйткілді болған көп мәселелердің жауабын шешкендей болдық, жаңартылған білім беру мазмұнының қажеттілігін, уақыт талабы екендігін шынайы ой елегінен өткізіп таныдық. Курстың жалпы атмоферасы мұғалімдер үшін шығармашылықпен жұмыс істеуге тың серпін берді деп ойлаймын. Ол үшін институтта барлық жағдай жасалынған. Кіре-берістегі қызметкерлерден бастап, жылы да жайлы жағдай, ресурстар, мұғалімдердің қарым-қатынасы жақсы ахуалды білдіріп, ұстаздардың білімге, шығармашылыққа деген ынтасын одан ары арттырып, құлшындыра түседі. Бұл жерден біз тек біліктілік арттырып қана қоймай, институттың жылылық ұясына айналғандығын сезініп қайтамыз. Оқушыларды білімге ынталандыру үшін ең алдымен, мұғалімнің өзі де мүдделі әрі кәсіби шебер болуы қажет. Ал мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдайтын - осы институттағы білікті де білімді тренерлер.Инстиутта осындай мамандардың көп болғандығы бізді қуантады. Аға буын ұстаз ретінде тыңдаушылар атынан тренеріміз Салтанат Қалиасқарқызына шын жүректен ризашылығымызды білдіре отырып, зор денсаулық пен шығармашылық шабыт тілейміз!
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Смагулова Бахыт Туяковна

Жаңартылған білім беру мазмұны: тәжірибеден теорияға- мәселелер мен шешімдер 28 Фев 2018 08:32 #18530

Жаңартылған білім беру мазмұны біздің мемлекетімізде дұрыс қолданыс табуда деп ойлаймын. Дамыған 30 елдің қатарына жету үшін біз болашақта шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз ойын еркін жеткізетін тұлға дайындауымыз керек. Осы тұлғаны дайындауда бұл жаңа оқу бағдарламасы зор ықпал етеді. Осы курс аясында көптеген жаңалықтармен таныстым. Атап айтқанда, жаңа сабақ жоспарын құру, ондағы ерекшеліктер, әр сабақ кезеңдерін кері байланыспен ұштастырып отыру оқушыға үлкен ой тастайды. Қыркүйектен бастап осы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ сыныбында сабақ беріп келдім. Түсінбейтін жағдайлар өте көп болды. Осы курсқа келгеннен бері көзіміз ашылып, көкірегіміз оянып, сондай бір әсер, толқыныс үстіндемін. Осы курстан кейін сабақ берудегі көзқарасым өзгереді деп есептеймін. Осындай курстар көп болса, нұр үстіне нұр болар еді. Көптеген мен үшін жұмбақ болған сәттерге жауап тапқандаймын. Сабақты жоспарлау мен өткізуге деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Енді мен болашаққа сыни көзбен қаарйтын, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, әділ баға бере алатын жас ұрпақты тәрбиелей аламын деген сенімдемін. Осы "Өрлеу" АҚФ қызмет ететін кураторымыз Салтанат Қалиасқарқызына деген алғысым шексіз.Сізге тек қана шығармашылық атбыс тілеймін! Әрқашан биік шыңдардан көріне беріңіз!
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Жаңартылған білім беру мазмұны: тәжірибеден теорияға- мәселелер мен шешімдер 28 Фев 2018 09:19 #18531

Мен - мектепке биыл келген жас маманмын. Мен жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс істей бастағаныма қуаныштымын. Себебі, мен бұл бағдарламаны бірден қабылдадым. Алайда тәжірибенің аздығынан, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтпегендіктен менде көптеген түйткілді сұрақтар мен шешімін таппаған күрделі мәселелер болды. Әдіс-тәсілдер қорының аздығы, оқу мақсаттарын жете түсінбеуім мен үшін қиындық туғызды. Алайда курсқа келгеннен кейін өзімді мазалаған сұрақтарға жауап алдым. Жаңартылған білімі беру бағдарламасының тиімділігін түсіндім. Курс барысында тәжірибелі мұғалімдермен пікір алмасып, тиімді әдіс-тәсілдерді, қалыптастырушы бағалауды құрастыру жолдары, жиынтық бағалауды өткізу тәртібі, оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру жолдарымен таныстым. Осы уақытқа дейінгі сабақ барысындағы олқылықтарымды анықтап, сол олқылықтарды шешудің жолын үйрендім. Жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытылатын сыныптарға сабақ беріп, тәжірибе жинағандықтан, курс барысында берілген материалдарды қабылдау маған жеңіл болды. Бәрінен бұрын мені қуантатыны: осы курс барысында жинаған білімдерімді сабақ барысында қолдана отырып, оқушы бойында дағдыларды қалыптастырып, олардың шығармашылықпен дамуына мүмкіндік тудырамын.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Жаңартылған білім беру мазмұны: тәжірибеден теорияға- мәселелер мен шешімдер 28 Фев 2018 09:32 #18532

Теорияны меңгермей тұрып, сабаққа кірісіп кеткендеріміз баршылық. Сондықтан оқу процесі барысында алдымыздан түрлі сұрақтардың шыққаны заңды еді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мені мазалаған басты проблемалардың бірі - бағалау. Бүгінгі күннің талабы тұрғысынан қарайтын болсақ, дәстүрлі бағалаудың қолайсыз екеніне көзім жетті. Ал критериалды бағалау оқушыға да, мұғалімге де, ата-анаға да түсінікті, дау тудырмайды. Бұл бағалау жүйесімен білім алушы өзінің деңгейін анықтап қана қоймайды, жетілдіруді қажет ететін тұстарды нақты көре алады.
Жалғыз бұл ғана емес, сабақ мақсаттарының дұрыс қойылуына, тапсырманы саралай білуге, дескрипторлар құруға қатысты орындалатын әрекеттерімнің алгоритмі де бір жүйеге келді.
Курс барыснда көкейде жүрген осындай сауалдарға жауап алғанымызға қуаныштымын. Оқуымыздың тиімді болуы, курсымыз біткен соң мектептегі оқушылармен жұмысымыздыі нәтижелігін арттыратыны сөзсіз.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.206 секунд