Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня
  • Страница:
  • 1
  • 2
  • 3

ТЕМА: Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 09 Янв 2018 13:55 #18484

Құрметті әріптестер! Менде 1 сынып. Балалардың зейін шоғырлануы төмендеу, зейіндері тұрақты емес, сондықтан жұмыс жүргізу барысында қиындық туындайды, әсіресе топтық жұмыста. Психологиялық жаттығу жасаудан басқа не ұсына аласыздар?
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 09 Янв 2018 16:22 #18485

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Бағдарламаның .7 модулі б/ша мен біршама жетістікке қол жеткізгендеймін.

Көбінесе ауызша сабақтарда "Шаңырақ" әдісін қолданып жүрмін. Оқушылар үй тапсырмасын айтуда, сұрақтарға жауап беруде өте белсенділік

танытады. Екінші тоқсанның соңында әдебиеттік оқу және дүниетану сабақтарында "Шаңырақ" әдісін қолданғанымда, сұрақтарға дәл және уақытты

үнемдеп жауап беруді үйренді. Бағалау кезінде "Желкенді кеме" арқылы өздерін бағалауды меңгерді. Ал, керісінше математика сабағына "Шаңырақ"

әдісі онша тиімді болмады. Бірақ, ең бастысы топқа тез бөліне алады, бір - біріне көмектеседі, әр топ қалып қоймауға тырысады және уақыттарын

үнемдей алады. Кедергілерде жоқ емес. Айта кетсем, Сабаққа енжар қатысатын оқушылар біреудің көмегін күтіп отырады. Бұл кедергіні шешу үшін

жаңа әдістерді көбірек қолдану керек пе?
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Бекбаулова Кымбат

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 09 Янв 2018 16:32 #18486

Сәлеметсің бе, Айсәуле! Менің ойымша, зейінді тұрақтандыру үшін көрнекі құралдарды көбірек қолданған дұрыс сияқты, әсіресе 1 сыныпта.Олар бір нәрсені көрсе тез еске сақтай алады.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 09 Янв 2018 16:51 #18487

  • Абенова Азиза
  • Абенова Азиза аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 7
  • Спасибо получено: 1
  • Репутация: 0
Кеш жарық! Замзагүл Нұрахметовна, бұл материалды қайталап қарап шығамын. Кеңесіңізге рахмет!
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 09 Янв 2018 17:37 #18488

  • Енсебаева Алтын
  • Енсебаева Алтын аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 12
  • Спасибо получено: 7
  • Репутация: 0
Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер!
1. Иә, жалпы оқушылардың білім сапасында оң динамика байқалады. Алайда сабақтың барлық кезеңдерін кері байланыспен бекітіп отыруға уақыт жетпей жатады. Сондай-ақ орыс тілінде білім алатын оқушылар болғандықтан, мен курста өткен әдіс-тәсілдердің көбін қолдана алмаймын.
2. Мен жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен 1 және 5-сыныптарға, сонымен қатар 4-сыныптарға да сабақ беремін. 1-сыныпта қараша айынан бастап беремін. Бұл сыныптағы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру қиындыққа түсті. Сондықтан әлі топтық жұмыс ұйымдастырылмады. 5-сынып оқушылары бейімделу кезеңінен өтумен қатар жаңартылған білім беру мазмұнына көшті. Бұрынғыдай баға қойылмағандықтан, өздерін еркін ұстап, берілген тапсырмаларды орындамай келетін болды. Екінші тоқсанның ортасынан ғана біраз бейімделе бастады. 4-сыныптарды өзім бірінші сыныптан бастап оқытып келгендіктен ба, олармен өзімді еркін ұстап, жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргіземін. Курста өткен әдіс-тәсілдерді қолданамын. Оқушылар сабаққа белсенді қатысады. Баға қойылғандықтан, олардың мотивациясы да жоғары.
3. Оқушылар мектепішілік пәндік олимпиадаларға, сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
4. Біреуді оқыту үшін, алдымен өзіңнен бастау керек екендігін түсіндім. Өйткені оқушылар тек сабақ процесін ғана емес, сенің сөйлеген сөзіңді, іс-әрекеттеріңді өзіне сіңіріп алады. "Тиімді оқыту мен оқу" курсының бір оң әсері - өзіңді оқушының орнына қойып көруің. Сонымен қатар, ең бастысы - балаларға дұрыс бағыт беру керектігін түсіндім.
5. Біздің мектептің қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінде 15-ке жуық мұғалім бар. Қандай да бір мәселе туындаса, әріптестермен ақылдасып шешуге тырысамыз.
6. Қазақ тілінен әдістемелік құрал жазу ойымда бар, тек тақырыпты таңдау күрделі мәселе екен.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Бекбаулова Кымбат

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 09 Янв 2018 18:18 #18489

  • Zamzagul Orazayeva
  • Zamzagul Orazayeva аватар
  • Вне сайта
  • Живу я здесь
  • Сообщений: 1320
  • Спасибо получено: 508
  • Репутация: 65
Катепбай Асылгуль пишет:
Құрметте әріптестер және Замзагуль Нурахметовна сәлеметсіздер ме? маған сіздердің көмектеріңіз қажет болып тұр. Бізде қазіргі таңда апталық басталайын деп жатыр (МИФ), соған маған бір сыныптан тыс іс-шара ұйымдастыру қажет. Іс-шара тақырыбын "Қызықты сағат" деп алсам, осыған қандай идея ұсынасыздар?

Асылгуль қайырлы кеш! Асылгуль нақты бір тақырып көлемінде ме әлде жалпылама ма? Егер тек математикаға қатысты болса "Математикасыз өмір сүруге бола ма?", «Үшбұрыштың бір күні", Қосу мен алудың бастан кешкендері" т.б. деген тақырыптар болса, тартымды болатын сияқты. Бұл менің ойым. Курстан және курстан кейінгі алған білімдеріңіздің сабақтан тыс шараларды ұйымдастырып өткізуге ықпалы бар деп ойлайсыз ба, бар болса қандай?
Последнее редактирование: 09 Янв 2018 18:21 от Zamzagul Orazayeva.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 09 Янв 2018 18:33 #18490

  • Zamzagul Orazayeva
  • Zamzagul Orazayeva аватар
  • Вне сайта
  • Живу я здесь
  • Сообщений: 1320
  • Спасибо получено: 508
  • Репутация: 65
Енсебаева Алтын пишет:
Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер!
1. Иә, жалпы оқушылардың білім сапасында оң динамика байқалады. Алайда сабақтың барлық кезеңдерін кері байланыспен бекітіп отыруға уақыт жетпей жатады. Сондай-ақ орыс тілінде білім алатын оқушылар болғандықтан, мен курста өткен әдіс-тәсілдердің көбін қолдана алмаймын.
2. Мен жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен 1 және 5-сыныптарға, сонымен қатар 4-сыныптарға да сабақ беремін. 1-сыныпта қараша айынан бастап беремін. Бұл сыныптағы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру қиындыққа түсті. Сондықтан әлі топтық жұмыс ұйымдастырылмады. 5-сынып оқушылары бейімделу кезеңінен өтумен қатар жаңартылған білім беру мазмұнына көшті. Бұрынғыдай баға қойылмағандықтан, өздерін еркін ұстап, берілген тапсырмаларды орындамай келетін болды. Екінші тоқсанның ортасынан ғана біраз бейімделе бастады. 4-сыныптарды өзім бірінші сыныптан бастап оқытып келгендіктен ба, олармен өзімді еркін ұстап, жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргіземін. Курста өткен әдіс-тәсілдерді қолданамын. Оқушылар сабаққа белсенді қатысады. Баға қойылғандықтан, олардың мотивациясы да жоғары.
3. Оқушылар мектепішілік пәндік олимпиадаларға, сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
4. Біреуді оқыту үшін, алдымен өзіңнен бастау керек екендігін түсіндім. Өйткені оқушылар тек сабақ процесін ғана емес, сенің сөйлеген сөзіңді, іс-әрекеттеріңді өзіне сіңіріп алады. "Тиімді оқыту мен оқу" курсының бір оң әсері - өзіңді оқушының орнына қойып көруің. Сонымен қатар, ең бастысы - балаларға дұрыс бағыт беру керектігін түсіндім.
5. Біздің мектептің қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінде 15-ке жуық мұғалім бар. Қандай да бір мәселе туындаса, әріптестермен ақылдасып шешуге тырысамыз.
6. Қазақ тілінен әдістемелік құрал жазу ойымда бар, тек тақырыпты таңдау күрделі мәселе екен.


Алтын, кеш жарық! Қол жеткізіп жатқан жетістіктеріңізге қуаныштымын. Жас маман ретінде курстан алған білімдеріңіз бен курстан кейінгі кезеңдегі қолдаулар Сіздің кәсіптік біліктілігіңіздің шыңдалуына, алдағы қадамдарыңызды нық жасауға ықпал болғаны қуантарлық жағдай. Егер мектепте 15 қазақ тілі мұғалімі болса, "Оқушы зейінін тұрақтандырудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында кейс стадии өткізіп шағын зерттеулер жүргізіп көріңіздер. Дипактің оқиғасы есіңізде ме? Сосын осы тақырып бойынша зерттеулер нәтижесі мен оқушы зейінін шоғырландыру мақсатында қолданған әдістер туралы әдістемелік ұсыныс құрастырып жазуға болады.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Енсебаева Алтын

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 09 Янв 2018 18:36 #18491

  • Zamzagul Orazayeva
  • Zamzagul Orazayeva аватар
  • Вне сайта
  • Живу я здесь
  • Сообщений: 1320
  • Спасибо получено: 508
  • Репутация: 65
Абенова Азиза пишет:
Кеш жарық! Замзагүл Нұрахметовна, бұл материалды қайталап қарап шығамын. Кеңесіңізге рахмет!

Сіз үшін жіберілген материалдар әдістемелік тұрғыда қолдау жасауға түрткі болатыны сөзсіз.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 10 Янв 2018 02:52 #18492

  • Zamzagul Orazayeva
  • Zamzagul Orazayeva аватар
  • Вне сайта
  • Живу я здесь
  • Сообщений: 1320
  • Спасибо получено: 508
  • Репутация: 65
Жусипбекова Ирискул пишет:
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Бағдарламаның .7 модулі б/ша мен біршама жетістікке қол жеткізгендеймін.

Көбінесе ауызша сабақтарда "Шаңырақ" әдісін қолданып жүрмін. Оқушылар үй тапсырмасын айтуда, сұрақтарға жауап беруде өте белсенділік

танытады. Екінші тоқсанның соңында әдебиеттік оқу және дүниетану сабақтарында "Шаңырақ" әдісін қолданғанымда, сұрақтарға дәл және уақытты

үнемдеп жауап беруді үйренді. Бағалау кезінде "Желкенді кеме" арқылы өздерін бағалауды меңгерді. Ал, керісінше математика сабағына "Шаңырақ"

әдісі онша тиімді болмады. Бірақ, ең бастысы топқа тез бөліне алады, бір - біріне көмектеседі, әр топ қалып қоймауға тырысады және уақыттарын

үнемдей алады. Кедергілерде жоқ емес. Айта кетсем, Сабаққа енжар қатысатын оқушылар біреудің көмегін күтіп отырады. Бұл кедергіні шешу үшін

жаңа әдістерді көбірек қолдану керек пе?


Ирискуль сәлеметсіз бе? Сізді де жаңа жылыңызбен құттықтаймын, жаңа табыстарға жетіңіз. Сіздің стратегияларды дұрыс қолданып, нәтижесін көріп отырғаныңыз қуантарлық. Дегенмен "Желкенді кеме" әдісі оқушылардың өзін-өзі бағалауы үшін емес, кері байланыс жасап, нені игеріп, нені игере алмай кедергілер туындағанын және сол кедергілерді жоюдың жолдарын анықтау, алдағы қадамда не істеу керектігін белгілеу үшін жүргізіледі.
Енжар оқушыларға рөлдер беріңіз. топтың жұмысын жинақтап қорытынды жасауды тапсырыңыз.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 10 Янв 2018 03:15 #18493

  • Zamzagul Orazayeva
  • Zamzagul Orazayeva аватар
  • Вне сайта
  • Живу я здесь
  • Сообщений: 1320
  • Спасибо получено: 508
  • Репутация: 65
Байменова Айсауле пишет:
Құрметті әріптестер! Менде 1 сынып. Балалардың зейін шоғырлануы төмендеу, зейіндері тұрақты емес, сондықтан жұмыс жүргізу барысында қиындық туындайды, әсіресе топтық жұмыста. Психологиялық жаттығу жасаудан басқа не ұсына аласыздар?

Айсауле, сәлеметсіз бе? Оқушы зейінін шоғырландыру үшін "Мнемоника" , "Жасырынбақ" ойындарын, топтауға арналған, фрагментті қалыптастыру сияқты тапсырмалар көбірек беріңіз, өзінің туған күніне т.б. айтулы күндерге қатысты есте қалған жайттарды еске түсіріп әңгімелеуді жиірек жүргізіңіз. Топтық жұмыс туралы 1- апта, 1-күн бойынша таратпа материалдарын қайта қарап шығыңыз. Мына жіберілген материалды қайталап оқып шығыңыз
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 10 Янв 2018 03:19 #18494

  • Zamzagul Orazayeva
  • Zamzagul Orazayeva аватар
  • Вне сайта
  • Живу я здесь
  • Сообщений: 1320
  • Спасибо получено: 508
  • Репутация: 65
Абенова Азиза пишет:
Кеш жарық! Замзагүл Нұрахметовна, бұл материалды қайталап қарап шығамын. Кеңесіңізге рахмет!


Азиза, Айсаулеге жазған ұсыныстарды оқып Сізде соны жүргізіп көріңізші. Бірлескен оқу да тиімді. Мұнда қарым-қатынас та реттеледі, жауапкершілік артады, әркім өз жауапкершілігін сезінеді, өз үлесін бағалайды, бірлесіп мәселе шешеді, ізденеді. талқылайды, талдайды, топ ішінде өкілеттілікке бөлінеді. Ирискульдің пікірі де дұрыс көбірек көзбен көру айғақтары арқылы тапсырмалар беріп, талқылаулар жүргізуді ұмытпаңыз. Немесе, осы проблема бойынша сабақ жоспарына Lesson Ctudy жүргізейік.
Последнее редактирование: 10 Янв 2018 03:29 от Zamzagul Orazayeva.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 10 Янв 2018 04:04 #18497

  • Zamzagul Orazayeva
  • Zamzagul Orazayeva аватар
  • Вне сайта
  • Живу я здесь
  • Сообщений: 1320
  • Спасибо получено: 508
  • Репутация: 65
Әріптестер, форумдағы "Вопросы внедрения уровневых курсов" тақырыбының ішіндегі білу, түсіну, қолдану және рефлексия тақырыпшасына Саймон Браунхилдің "Сыни рефлексия жасай білу" таныстырылымын және "Опыт учителей новой формации" ішіндегі "Материал в помощь моим коллегам" тақырыпшасына формативті бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс салдым, оқып танысыңыздар
Последнее редактирование: 10 Янв 2018 04:11 от Zamzagul Orazayeva.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 10 Янв 2018 06:18 #18498

  • Катепбай Асылгуль
  • Катепбай Асылгуль аватар
  • Вне сайта
  • Осваиваюсь на форуме
  • Сообщений: 22
  • Спасибо получено: 13
  • Репутация: 0
Қайырлы күн Замзагуль Нурахметовна! ұсынылған тақырыптарыңыз өте қызықты, әрі қайталанбас тақырыптар екен. міндетті түрде енгіземін іс-шараға. Әрине курыстан алған әдістеріміз біздің кез - келген сәтте (сабақта болсын, басқа да іс-шараларда) пайдасын тигізуде. Біздің педагогикалық тұрғыда өзімізді ұстай алу, көрсете алу, байқағыштық қабілетімізді арттырып, шығармашылдық өсуімізге тигізген әсері көп.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 10 Янв 2018 13:29 #18500

  • Орынғазиева Жазира
  • Орынғазиева Жазира аватар
  • Вне сайта
  • Осваиваюсь на форуме
  • Сообщений: 29
  • Спасибо получено: 25
  • Репутация: 1
Zamzagul Orazayeva пишет:
Әріптестер, форумдағы "Вопросы внедрения уровневых курсов" тақырыбының ішіндегі білу, түсіну, қолдану және рефлексия тақырыпшасына Саймон Браунхилдің "Сыни рефлексия жасай білу" таныстырылымын және "Опыт учителей новой формации" ішіндегі "Материал в помощь моим коллегам" тақырыпшасына формативті бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс салдым, оқып танысыңыздар
Салеметсіз бе, Замзагул Нұрахметована Сыни рефлексия жасай білу таныстырылымын таппадым ілінбей қалған ба?формативті бағалау бойынша әдістемелік ұсынысты алдым .Құнды ақпарат болды. Рахмет
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 10 Янв 2018 15:56 #18501

  • Zamzagul Orazayeva
  • Zamzagul Orazayeva аватар
  • Вне сайта
  • Живу я здесь
  • Сообщений: 1320
  • Спасибо получено: 508
  • Репутация: 65
Катепбай Асылгуль пишет:
Қайырлы күн Замзагуль Нурахметовна! ұсынылған тақырыптарыңыз өте қызықты, әрі қайталанбас тақырыптар екен. міндетті түрде енгіземін іс-шараға. Әрине курыстан алған әдістеріміз біздің кез - келген сәтте (сабақта болсын, басқа да іс-шараларда) пайдасын тигізуде. Біздің педагогикалық тұрғыда өзімізді ұстай алу, көрсете алу, байқағыштық қабілетімізді арттырып, шығармашылдық өсуімізге тигізген әсері көп.

Асылгуль тақырыптардың ұнағаны жақсы болды. өткізген соң нәтижесін жазарсыз форумда не жақсы не жаман болды, неге?
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Катепбай Асылгуль

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 10 Янв 2018 16:33 #18503

  • Zamzagul Orazayeva
  • Zamzagul Orazayeva аватар
  • Вне сайта
  • Живу я здесь
  • Сообщений: 1320
  • Спасибо получено: 508
  • Репутация: 65
Орынғазиева Жазира пишет:
Zamzagul Orazayeva пишет:
Әріптестер, форумдағы "Вопросы внедрения уровневых курсов" тақырыбының ішіндегі білу, түсіну, қолдану және рефлексия тақырыпшасына Саймон Браунхилдің "Сыни рефлексия жасай білу" таныстырылымын және "Опыт учителей новой формации" ішіндегі "Материал в помощь моим коллегам" тақырыпшасына формативті бағалау бойынша әдістемелік ұсыныс салдым, оқып танысыңыздар
Салеметсіз бе, Замзагул Нұрахметована Сыни рефлексия жасай білу таныстырылымын таппадым ілінбей қалған ба?формативті бағалау бойынша әдістемелік ұсынысты алдым .Құнды ақпарат болды. Рахмет

Жазира, сілтеме жасалған жерге ілінбеді, ертең қайта қарастырып көрейін. Қазір Сізге жіберейін ілінсе. ілінбеді
Последнее редактирование: 11 Янв 2018 04:03 от Zamzagul Orazayeva.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 10 Янв 2018 21:30 #18504

Cәлеметсіздер ме, әріптестер! Замзагуль Нурахметовна,қалайсыз?Пікіріңізге көп рахмет. Мен әлі де бағалау мен кері байланысты шатастыра беремін. "Желкенді кеме" балаларға өте ұнағандықтан сабақта көп қолданамын. Балалар сабақ барысында өз үйренгендерін желкенді кеме арқылы бояп көрсетеді.Сабақ барысында бір- біріне айтып , өз қателерін түзете алады. "Желкенді кемеден" басқа нені қолдансам өздерін бағалау тиімді? 3сыныпта әсіресе, математика сабағына қай әдіс тиімдірек болатынын оқушыларға меңгертуге болады? Қазір көбінесе, ауызша сабақтарды жақсы түсініп алды. Соған қуанып отырмын. Жауапты кеш жазғаныма ренжімеңіздер.Қолым тимей кетті.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 11 Янв 2018 03:18 #18505

  • Zamzagul Orazayeva
  • Zamzagul Orazayeva аватар
  • Вне сайта
  • Живу я здесь
  • Сообщений: 1320
  • Спасибо получено: 508
  • Репутация: 65
Жусипбекова Ирискул пишет:
Cәлеметсіздер ме, әріптестер! Замзагуль Нурахметовна,қалайсыз?Пікіріңізге көп рахмет. Мен әлі де бағалау мен кері байланысты шатастыра беремін. "Желкенді кеме" балаларға өте ұнағандықтан сабақта көп қолданамын. Балалар сабақ барысында өз үйренгендерін желкенді кеме арқылы бояп көрсетеді.Сабақ барысында бір- біріне айтып , өз қателерін түзете алады. "Желкенді кемеден" басқа нені қолдансам өздерін бағалау тиімді? 3сыныпта әсіресе, математика сабағына қай әдіс тиімдірек болатынын оқушыларға меңгертуге болады? Қазір көбінесе, ауызша сабақтарды жақсы түсініп алды. Соған қуанып отырмын. Жауапты кеш жазғаныма ренжімеңіздер.Қолым тимей кетті.

Ирискуль сәлеметсіз бе? Нәтижеге қол жеткізгеніңіз жақсы болған, жалғасын тапсын. Сабақтың күрделі тұстарында сабақты қорытындылау барысында дұрыс түсініп жасап отыр ма, қандай кедергі бар, қалайша алға жылжуына көмектесуге болады, өткен тақырыптардан қандай білім кемшіліктері бар, сабақ тақырыбы бойынша нені түсініп, нені түсінбеді анықтап, алдағы қадамын белгілеу үшін кері байланыс жүргізіледі. Жалпы қалыптастырушы бағалау - мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. ҚБ сыныптағы күнделікті жұмыс барасыңызда жүзеге асырылады, оқушыларыңыздың ағымдағы оқу үлгерімдерінің көрсеткіші болып табылады. ҚБ оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етеді. Оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді. "Желкенді кеме" стратегиясы сондықтан сабақ соңында жүргізуге тиімді. ҚБ "плюс, минус, қызықты, Сэндгвич, Кір жаятын жіп, өзара дәптер алмасу, стикердегі пікірле, Үш минуттық үзіліс, т.б. әдістерді қолдануға болады. Мен Сіздерге 67 стратегияны бердім ғой соның ішінде де бар.
Последнее редактирование: 11 Янв 2018 03:30 от Zamzagul Orazayeva.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Катепбай Асылгуль

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 11 Янв 2018 04:32 #18506

Сәлеметсіз бе, Замзагуль Нурахметовна! Пікір жазғаныңызға үлкен рахмет. 67 стратегияны мен жоғалтып алдым. Бар болса почтаға лақтырасыз ба?

Мен кері байланысты өзім түсінбей жүріппін. Көмегіңізге рахмет.Балаларға қызықты болған соң қолдана беріппін.Рахмет. Кейде бейнелеу сабағына да осы стратегияны қолданғанымда,сабақ өте қызықты өтті.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Бекбаулова Кымбат

Деңгейлік бағдарламалар курстарының идеяларын практикада қолданудың тиімділігін зерттеу 07 Фев 2018 10:57 #18518

  • Zamzagul Orazayeva
  • Zamzagul Orazayeva аватар
  • Вне сайта
  • Живу я здесь
  • Сообщений: 1320
  • Спасибо получено: 508
  • Репутация: 65
Жусипбекова Ирискул пишет:
Сәлеметсіз бе, Замзагуль Нурахметовна! Пікір жазғаныңызға үлкен рахмет. 67 стратегияны мен жоғалтып алдым. Бар болса почтаға лақтырасыз ба?

Мен кері байланысты өзім түсінбей жүріппін. Көмегіңізге рахмет.Балаларға қызықты болған соң қолдана беріппін.Рахмет. Кейде бейнелеу сабағына да осы стратегияны қолданғанымда,сабақ өте қызықты өтті.


Ирискуль, сәлеметсіз бе? кері байланыс ол белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісетіні, келіспейтіндігін көрсететін білгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция. Кері байланыс бағалау тұрғысында емес, сипаттамалық түрде болуы тиіс.Солайша біз балаға алға қарай ұмтылыс жасауға мүмкіндік береміз.
Кері байланысты қалай беруге болады:
Өзіңіз туралы бірнеше сөз айтыңыз
"Мен" есімдігімен өз сөйлеміңізді бастаңыз.
Алдымен жақсы жақтарын атап шығыңыз
Түсіністік білдіріңіз
Сізге ұнамайтын нәрсені нақтылап айтыңыз. Жалпылама айтпаңыз, Сөкпеңіз
Қолдануға пайдалы болатын нақты кеңе беруге ұмтылыңыз.
Кері байланыс туралы Мұғалімге арналғанүлестірме материалдардың 120-121 беттерін оқып шығыңыз.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
  • Страница:
  • 1
  • 2
  • 3
Время создания страницы: 0.212 секунд