Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: Бүгінгі әдіскер, кім ол?

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 22 Сен 2014 08:20 #5359

Құрметті әріптестер! Бүгінгі форум жұмысын әдіскер қызметіне арнамақпыз.
Бүгінгі әдіскер қандай болу керек?
Әдіскер мамандық па, қызмет пе әлде бейімділік пе?
Педагог мамандарды дамыту үшін бүгінгі әдіскерге не керек?
Әдіскер құзыреттілігі дегеніміз не?

Ой қосуларыңызды сұраймын...
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 23 Сен 2014 03:10 #5360

Мурынбаева Г.И., Павлодар қаласы №38 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Әдіскер – жаңа идеяларды ойлап табушы, теориялық білімі терең, педагогикалық үдерісті кеңінен талдай алатын, ақпараттарды сараптап, қорытынды шығарып, оны жұмыс сапасын жақсартуға дұрыс бағыттай алатын іскер маман деп атауға болады. Сондықтан да оны қызмет аясымен шектеу, жылдар өте келіп үйренді деп бейімділікпен байлау дұрыс болмайды. Бүгінгі әдіскерге кәсіби білім, толымды тәжірибе, сұңғылалық, асқан шеберлік пен жалпы мәдениет қажет.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 23 Сен 2014 04:53 #5362

Жапарбекова А.Н., «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының инновациялық-педагогикалық қызмет зертханасының меңгерушісі

Әдіскер дегеніміз – үнемі ізденіс пен еңбектің нәтижесінде тәжірибе жинақтайтын, бүгінгі қоғам дамуының үддесінен шыға білетін, өз мамандығының шынайы фанаты. Әдіскерлікті мен қызмет те, мамандық та деп санамаймын. Ол адам жанының қалауы мен тәжірибесінің нәтижесінде келетін шеберлік. Дамуды тоқтатсаң, әдіскер болуды да тоқтатасың.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 23 Сен 2014 05:16 #5363

  • Бибигуль
  • Бибигуль аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 1
  • Спасибо получено: 1
  • Репутация: 1
Даирова А.К., әдіскер ұстаз

Бүгінгі форум сұрағы расында да, өте қызықты. Әдіскер қызметі туралы көпшіліктің пікірі жұмыстың жауапкершілігін арттыра түседі.
Әдіскер – мұғалімнің жанашыры, қолдаушысы, ақылшысы, ол – мұғалімнің нағых ұстаз болып қалыптасуына бағыт беруші шамшырақ. Осы міндетті абыроймен атқару үшін өзі де үздіксіз білімденіп, шеберлігін шыңдай отырып жаңалықтың жаршысы, бастамашысы болуы керек. Сондықтан әдіскер –әмбебап педагог, креативті маман, бірегей тұлға.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Махадил Зауреш

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 23 Сен 2014 05:53 #5364

Махадил Зауреш, "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

Құрметті әріптестер! Форум жұмысының бүгінгі тақырыбы өзекті екен. Менің де ой қосып, сіздермен бөліскім келеді. Әдіс - таным құралы, ендеше әдіскер - білім алуға, өзін-өзі өзгертуге және үйренемін деп келген тыңдаушыны мақсатына қол жеткізуге бағыттай білетін ұстаздардың ұстазы.
Последнее редактирование: 23 Сен 2014 05:53 от Махадил Зауреш.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 23 Сен 2014 06:22 #5365

Жұмаділова Шарбат Төлеуқызы, Павлодар облысы дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебінің мұғалімі, әдіскер ұстаз

Ертеде ел ішінде ақылды қариялар болушы еді. Олардың 11 жылдық білім болмаса да оларды «білімді кісі» деп атаушы еді. Бүгінгі әдіскер бұрынғы ел ішіндегі білімді кісі сияқты. Бүгінгі мектепке, бүгінгі мұғалімге әдіскердің қолы, көмегі жетпейтін сияқты көрінеді.
Әдіскер жеке мамандық иесі бола алмайды. Әдіскерлік жұмыс көп жылдық еңбек пен шеберліктің нәтижесі, бірақ көп жыл істегеннің бәрі әдіскер бола бермейді. Ол – табиғи дарын. Әдіскер құзыретіне жоғары мәдениет, терең ақыл, жан-жақты білім жатады.
Қазіргі педагогикада «Кім көп біледі дегенді емес, кім жақсырақ біледі дегенді анықтауға көп көңіл бөлу керек» деген қағидат бар. Әдіскер жұмысының бір тармағы осы пәлсапада жатқан сияқты. Форум жұмысына сәттілік тілеймін, тақырыбы өте өзекті. Ойлантатын, айтатын дүние көп...
Последнее редактирование: 23 Сен 2014 06:22 от Жұмаділова Шәрбат.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 25 Сен 2014 03:32 #5372

  • Альмагамбетов Каиржан
  • Альмагамбетов Каиржан аватар
Альмагамбетов Каиржан Сагинтаевич "Өрлеу" БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес...» деп атап көрсеткеніндей, озық технологияларды пайдалану – заман талабы.
Әдіскер әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастырып қана қоймай, педагогтардың ғылыми, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша да тер төкпек. Қарапайым сөзбен айтсақ, әдіскер – педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге ықпал етер тұлға. Сондықтан әдіскердің беделі ең алдымен оның идеялық-адамгершіліктік кемеңгерлігінен, құзырлылығынан және іскерлігінен, жалпы мәдениетінен, жұмыста басқаларға үлгі көрсету қабілетінен көрінеді.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 27 Сен 2014 08:36 #5472

  • Kamalova Nurgul
  • Kamalova Nurgul аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 1
  • Репутация: 0
Нургуль Камалова, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты директорының дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары

Бүгінгі форум жұмысының тақырыбы өте өзекті екен. Әдіскер - мектепке өте қажет қызмет түрі. Ол оқыту мен оқу тәжірибесінің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген, шеберлік деңгейіне жеткен, өзгенің іс-тәжірибесін қалыптастырып, бағыттай білетін әмбебап маман. Әдіскерге қажетті ең басты құзіреттілік - коммуникативтілік, жаңалыққа ашықтық, ақпаратты сауатты қолдана білу, толеранттылық... Форумның жұмысына сәттілік тілеймін. :)
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 29 Сен 2014 04:25 #5477

Арай Кудайбергенова, Семей қаласы №11 жалпы орта білім беру мектебі директордың оқу жөніндегі орынбасары

Әдіскер - сараптаушы, әдістемелік тұрғыдан көмек ұсына білетін адам, тәжірибелі маман. Әдіскер білікті, шығармашыл тұлға болу қажет. танымдық, интеллектуалдық тұрғыдан өзін дамыта білген маман. Әркім әдіскерлік қызметке қол жеткізе алады. Шығармашылық ізденісті жаны сүйетін адамның бәрі әдіскер деп танимын
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 09 Окт 2014 04:33 #6135

  • Gulzhanat
  • Gulzhanat аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 2
  • Репутация: 0
Әдіскер – мұғалімнің жанашыры, қолдаушысы, ақылшысы, ол – мұғалімнің нағых ұстаз болып қалыптасуына бағыт беруші шамшырақ. Осы міндетті абыроймен атқару үшін өзі де үздіксіз білімденіп, шеберлігін шыңдай отырып жаңалықтың жаршысы, бастамашысы болуы керек. Сондықтан әдіскер –әмбебап педагог, креативті маман, бірегей тұлға.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 08 Апр 2015 11:21 #8868

  • Yeren Mukhamed
  • Yeren Mukhamed аватар
Әдіскер құзыретіне жоғары мәдениет, терең ақыл, жан-жақты білім жатады.

396578.gif
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 08 Апр 2015 11:21 #8869

  • Рахметова Гульнара
  • Рахметова Гульнара аватар
Всезнающий, всеумеющий, направляющий весь учебный процесс
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 08 Апр 2015 11:22 #8870

  • Аскапова Анар
  • Аскапова Анар  аватар
Әдіскер дегеніміз білім деңгейі жоғары,жаңашылдыққа өте жақын,қабылетті, кең бейінді, жаңа технологияны жетік меңгерген ортаға бейімделген өз білгенін бөлісе алатын маман ретінде білемін
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 08 Апр 2015 11:24 #8872

  • Арынова Акмарал
  • Арынова Акмарал аватар
Бүгінгі әдіскер ол - ойшыл, көреген, білімді, білікті, жоғарғы саналы, мәдениетті және қарапайым адам. Жаңа идеяларды ойлап табушы, унемі ізденісте болып жүретін адам. Оқытушының нағыз маман болып шығуына тікелей әсер ететін.ьл
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 08 Апр 2015 11:24 #8873

  • Хуат Шерияздан
  • Хуат Шерияздан аватар
Салтанат Шабажанова пишет:
Құрметті әріптестер! Бүгінгі форум жұмысын әдіскер қызметіне арнамақпыз.
Бүгінгі әдіскер қандай болу керек?
Әдіскер мамандық па, қызмет пе әлде бейімділік пе?
Педагог мамандарды дамыту үшін бүгінгі әдіскерге не керек?
Әдіскер құзыреттілігі дегеніміз не?

Ой қосуларыңызды сұраймын...
Ол жан жақты білімді парасатты ақылды көпті баурап алатын қасиетке ие болса,
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 08 Апр 2015 11:30 #8876

  • Хамитова Лейла
  • Хамитова Лейла аватар
Есть хорошая китайская пословица:
Скажи мне - я забуду
Покажи мне -я запомню
Вовлеки меня - я научусь
Этим все сказано - мастер своего дело только может вовлечь.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Бүгінгі әдіскер, кім ол? 21 Май 2015 03:29 #9324

Қазіргі уақытта әдіскер - ол басшылық пен мұғалімдер арасындағы көпір десек те болады, себебі әдіскер мұғалімдердің ұсыныстарын басшылыққа жеткізе отыра мұғалім сұранысын қанағаттандыра алады. Бірақ, атайын деген бір маңызды мәселе - балабақшадағы әдіскерлердің өздері де өз жұмысының кейбір тұстарын білмеуі. Сондықтан мұғалімдер тиісті көмек ала алмайды.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.258 секунд