Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: ТжКББ жаңа тұрғылар

ТжКББ жаңа тұрғылар 17 Апр 2015 05:09 #9093

Құрметті әріптестер! "Техникалық және кәсіптік білім беруге дуалды оқытуды ендіру" біліктілік арттыру курсы аясында конференцияға арқау болған "Жалпы кәсіби және арнайы пәндер сабақтарын ұйымдастырудың жаңа тұрғылары" тақырыбын талқылауды ұсынамын. Өздеріңіздің көзқарастарыңызбен және тәжірибелеріңізді бөлісулеріңізді сұраймын. ТжКББ жаңа тұрғылар ретінде қандай басымдықтарды атар едіңіз. Сөз сізде, құрметті әріптес!
Администратор запретил публиковать записи гостям.

ТжКББ жаңа тұрғылар 17 Апр 2015 05:13 #9094

  • Yeren Mukhamed
  • Yeren Mukhamed аватар
Еңбек нарығында сұранысқа ие маманды даярлау мүмкіндігі туындайды.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

ТжКББ жаңа тұрғылар 17 Апр 2015 05:19 #9095

  • Бабыков Ерлан
  • Бабыков Ерлан аватар
Бабыков Ерлан Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледжі

Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі
Последнее редактирование: 17 Апр 2015 05:26 от Бабыков Ерлан.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

ТжКББ жаңа тұрғылар 17 Апр 2015 05:20 #9096

  • Yeren Mukhamed
  • Yeren Mukhamed аватар
Ерен Мұхамед. Екібастұз политехникалық колледжі. арнайы пән оқытушысы.


Еңбек нарығында сұранысқа ие маманды даярлау үшін біріншіден инновациялық технологияларды меңгеруі тиіс, яғни оқытуда жаңа технологияларды қолдану - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Инновациялық тұрғылар мұғалімнің кәсіби өсуіне, білім алушының маман болып шығуына мүмкіндік береді, бірақ инновациялық тұрғылар мұғалімдерден үлкен ізденіс пен шеберлікті талап етеді. Біз курс барысында бүгінгі күні ТжКББ-дегі инновациялық тұрғыларды танып білдік. Ендігі міндет осы алған білімімді колледжде іске асыру, қалған әріптестеріме сәттілік тілеймін.
Последнее редактирование: 17 Апр 2015 05:38 от Yeren Mukhamed.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

ТжКББ жаңа тұрғылар 17 Апр 2015 05:22 #9098

  • Бабыков Ерлан
  • Бабыков Ерлан аватар
Бабыков Ерлан Аксу қаласынын Жаяу Мусы атындағы колледжі

"К инновационным технологиям в образовании можно отнести:
личностно-ориентированное обучение;
проблемное обучение;
блочно-модульное обучение;
метод проектов и кредитно-модульная система оценки знаний;
дистанционные технологии обучения."
Администратор запретил публиковать записи гостям.

ТжКББ жаңа тұрғылар 17 Апр 2015 05:25 #9100

  • Бабыков Ерлан
  • Бабыков Ерлан аватар
Бабыков Ерлан Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледжі

"К инновационным технологиям в образовании можно отнести:
личностно-ориентированное обучение;
проблемное обучение;
блочно-модульное обучение;
метод проектов и кредитно-модульная система оценки знаний;
дистанционные технологии обучения."
Администратор запретил публиковать записи гостям.

ТжКББ жаңа тұрғылар 17 Апр 2015 05:27 #9102

  • Темирбаева Гульзана
  • Темирбаева Гульзана  аватар
Темирбаева Гульзана Камидоллаевна өндірістік оқыту шебері
"Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжі"



Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Сондықтан қоғамдағы білім-беру саласындағы инновациялық үдерістер мен реформалар оқытушының ісіне еңбек жолына - "инновациялық білімді", "ақпараттық даярлықты", "ақпараттық технологияны" және тағы басқа технологияны алып келді.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

ТжКББ жаңа тұрғылар 17 Апр 2015 05:28 #9103

Ерлан, сіздің пікіріңізге көп рақмет. Сіз атаған осы инновациялық технологиялар кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік бере ме?
Администратор запретил публиковать записи гостям.

ТжКББ жаңа тұрғылар 17 Апр 2015 05:37 #9105

  • Арынова Акмарал
  • Арынова Акмарал аватар
Арынова Акмарал, өндірістік оқыту шебері, Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірудің инновациялық бағытына: e-learning оқыту, материалдық- техникалық база, дуалды оқыту , ақпараттық коммуникациялық технологиялары, тағымдама және коорпоративтік оқыту жатады. Егер де бұл бағыттардың барлығы қарқынды түрде дамитын болса, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инновациясы тез жүзеге асады деп ойлаймын.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

ТжКББ жаңа тұрғылар 17 Апр 2015 05:40 #9106

  • Орынбасар
  • Орынбасар аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 2
  • Репутация: 0
Құлышев Ерлік Талапұлы " №2 Павлодар колледжі"

ТжКББ инновациялық тұрғылар аса маңызды. Себебі экономикамыздың маңызды секторы болып табылатын өндіріс мамандарын даярлау - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Нарық сұраныстарына жауап беретін, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін ТжКББ инновациялық тұрғыларды дамыту және енгізу қажет деп санаймын. Біздің колледжде де осындай инновациялық тұрғыларды оқу үдерісене енгізу бойынша үнемі талқылаулар өткізіліп тұрады. Форумға ұсынылған тақырып өте өзекті. Әріптестеріміздің осы бағыттағы жасалған талай жұмыстарын көріп, тәнті болдым
Осы курсқа келіп, қатысқаныма өте ризамын, алғаным көп, енді колледжге барып, оқушыларыма берерім де бірсыпыра.
ИПК ұжымына айтар рахметім шексіз!
Администратор запретил публиковать записи гостям.

ТжКББ жаңа тұрғылар 17 Апр 2015 05:43 #9108

  • Бабыков Ерлан
  • Бабыков Ерлан аватар
Бабыков Ерлан Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледжі

современные технологии дают рост моей компетенции как мастера п/о и развивают компетентность учащихся, но в наше время мы не все эти технологии применяем на практике. это связано с тем, что в нашем колледже и во многих других нет блочно-модульной технологии, дистанционное обучении только начинает развиваться,
Администратор запретил публиковать записи гостям.

ТжКББ жаңа тұрғылар 17 Апр 2015 05:54 #9109

  • Жумажан Ниязгулов
  • Жумажан Ниязгулов аватар
Жумажан Ниязгулов, Павлодар монтажандау колледжі, Катаев Каиржан ИнЕУ колледжі, Джунусбеков Нуршат, №1 Павлодар колледжі, Сайырхан Әдебиет , Май аграрлық-техникалық колледжі


Арнайы және кәсіби білім беруде жаңа техналогиялар пайдалана отырып, жан-жақты дамыған, өз ісінің шеберлерін дайындауға әрі жан-жақты құзыретті маман қалыптастыруға баса назар аударылады. Бүгінгі техникалық білім беруді практикасыз елестету мүмкін емес. Сондықтанда дуалды оқытуды инновациялық тұрғылардың ен негізгісі ретінде атаймыз. Дуалды оқытуда өндіріспен әлеуметтік серіктестік құру маңызды қадам. Оқу орнындағы өндірістік шеберханалар кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың алғашқы баспалдағы болса, дуалды оқыту кәсібиліктің биік дәрежесіне шығуға мүмкіндік береді. Дуалды оқытудың маңызды мәселелері көп, бірақ ең бастысы- ол кәсіби мамандарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Курс барысында бізге химия-механикалық колледжінің тәжірибесін көріп таныстық. Әлеуметтік серіктестіктің үлкен мүмкіндіктерін көрдік, болашақта осындай тәжірибе алаңдарында жиірек бас қоссақ, ол біздің қызметімізге де жаңа серпін береді деп ойлаймыз. Сіздерге көп рахмет. Курс барысында өзімізге қажетті білімді алдық деп ойлаймыз.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.336 секунд