Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 04:21 #9298

  • Orleupvl
  • Orleupvl аватар
  • Вне сайта
  • Администратор
  • Сообщений: 30
  • Спасибо получено: 21
  • Репутация: 4
Шығармашыл тұлға қалыптастыру әдіс-тәсілдері қандай?

Дарынды балаларды дамыту жолдары?


Көшбасшы қалыптастырудың заманауи технололгиялары қандай?
Nur
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Айман Солтаншарив

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:19 #9306

  • Рахимова Алия
  • Рахимова Алия аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 2
  • Спасибо получено: 1
  • Репутация: 0
Қазіргі таңдағы мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының басты бағыты - шығармашыл, сындарлы ойлай білетін, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әртүрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті азамат дайындау екендігі мәлім. Осыған орай әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру, бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп көрсетті [1].

Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған бүгінгі күні жан-жақты дамыған азаматтарды қалыптастыру, әсіресе мектеп оқушыларының өздігінше шығармашылық жұмыстарын орындау біліктілігін дамыту ең өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Өйткені, білім берудің жаңа мазмұнына байланысты мұғалім әрекеті оқыту үрдісін ұйымдастырушы ретінде қарастырылып, оқушыньщ түлғалық аспектілерін дамыту мәселесі алғы орынға шықты. Бұл, оқу қызметінің субъектісі ретінде, даралық, өзіндік жұмыс істеуге, өзін-өзі тануға, білім алу арқылы дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру басты құндылық болып табылатынын көрсетеді.

Сондықтан окушының өздігінен білім алу, іздену, қорытынды жасап, талдай білу дағдыларын қалыптастыру үшін, оның өзіндік біліктілігіне сүйене отырып, білім алу технологиясын меңгертуге көңіл аударылуда.

Адамның дамуы – ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама-қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы және тәрбиесіне тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып жатқан іс-әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды. Тұлға – біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін - өзі дамытып отырады. Педагогиканың негізгі мақсаттарының бірі – тұлғаны біртұтас жүйе ретінде тәрбиелеу. Тұлға – сана иесі. Шығармашыл адам – жасампаз тұлға. Өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында: «Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізіңде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп атап көрсетілген [2].

Демек, білім беру мазмұнын жаңарту қажеттігі еліміздегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты қазақстандық білім беру саласында қалыптасқан ахуалдан туындап отыр. Бұл ретте біз педагогикалық әрекеттегі мұғалімнің шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін қалыптасу қажеттілігі мен педагогика ғылымында шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындауды қамтамасыз ететін қабілетін арттыруымыз қажет. Сондықтан баланың табиғи бейімділігін дамытып, тұрақты, әлеуметтік құнды шығармашылық қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық басшылық етудің маңызы зор.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта оырып жалпы дамыту, еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау, тұлғалыққа бағыттау.

Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін тұлға сезінуі мен айналасына өзіндік көзқарасы болуына байланысты. Шығармашылық бағыттың дамуына денсаулығы, психикалық қызметінің дамуы, негізгі шарты – әлеуметтік жағдайы негіз болады [3].

Похожая статья: Орта мектептерде оқушыларға тәрбие және білім беру мәселелері
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені, адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады. Бұл қоғамның дамуына тікелей байланысты. Жеке тұлға үнемі даму үстінде болу үшін әрекет шығармашылықпен байланыста болу қажет. Оқу әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіншіліктері белгілі педагог-психолог ғалымдардың (Ш.А.Амонашвили, В.В.Давыдов, М.Мұқанов, Т.С.Сабыров) ұдайы назарында болды.

Мұғалімдер оқу әрекетін оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіру табиғатын терең білуі тиіс. Оқу әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар.Оқу әрекетін қалыптастыру барысында тұлғалық қасиеттер – мақсаттылық, ұйымшылдық, жауапкершілік, табандылық, т.б қалыптасады.

ҚР-да орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты – дүниетанымдық, құзырлылық, шығармашылықты тұлға қалыптастыру деп атап көрсетіледі. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр.

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің бастауы. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар – оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Ол үшін ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуы мен қызығушылығын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты құрамды бөлігі – жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық. Бұрынғы әдіске арналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділігі көрсетілуі тиіс. Ол өздігінен оқуы тиіс, ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы: әрбір оқушылардың жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды. Керісінше, дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Мұғалімнің кез келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.

Қазіргі оқу үрдісінде түрлі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор.

Шығармашылық адамын тәрбиелеу процесі жаңаша технологиямен ұйымдастырудың маңызы өте зор. Шығармашылық дегеніміз, оқушылардың даралық бейімділіктері мен қабілеттерінің көрінуі. Ал бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан балалық кезде көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілет көрсеткіштері екенін ұмытпағанымыз жөн. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетті мұғалім байқамаса, ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Ең маңыздысы – қабілетті оқушыны зеріктіріктіріп алмау.

Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып ойлау, шешім қабылдау, қорытынды ой-пікірін білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін дамытуын, өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыруына мүмкіндік туғызған дұрыс. Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады.

Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп есептейміз.

Шығармашылық тұлға, яғни жас дарын жасының ерекшелігіне, қызығуына қарамастан өзгелерден даралылығымен, табандылығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, өз бетімен жұмыс істеуге деген құштарлығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді. Сол себепті де жоғары оқу орнында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қалыптастырудың мәні өте зор.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Имангазы Мариям

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:24 #9307

Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалармен ерекше заманауи әдістерді қолдана отырып, жағдай жасау керек.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Имангазы Мариям

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:24 #9308

  • Имангазы Мариям
  • Имангазы Мариям аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 1
  • Спасибо получено: 1
  • Репутация: 0
Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс - тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек. Сонау ХХ ғасырдың басында Ж. Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен.

Ұстаз пән мұғалімі ретінде осынау жаһандану заманында қай технологияны, қандай әдіс - тәсілдерді таңдаса да өз еркі. Ал мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде әрбір сабағымда қандай озық технологияны игерсем де, қандай да бір әдіс - тәсілдерді қолдансам да ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыру үшін таптырмайтын қарапайым әдіс - тәсіл деп білемін. Туған тілін, жерін, салт - дәстүрін, тарихын сүйе білген оқушы білімге іңкәр, жақсылыққа құмар, жүрегі кең, жаны жайсаң, шешендік өткір тілмен сөйлей алатын, ойын ашық жеткізетін, жеке тұлға ретінде қалыптасқан азамат болары сөзсіз.

Ал қоғам бізге тап қазір, жаһандану заманында, жан - жақты жетілген, рухани бай жаңа заман адамдарын тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қазіргі заманауи ұстаздардың алдында өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүстірін, тарихын, өнерін сүю арқылы, басқа халықтардың да тілі мен әдебиетіне, салт - дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам тәрбиелеу міндеті тұр.[2] Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушының болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай білуі үшін оларға берілетін білім өзегінде, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыруда, сондай - ақ, қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа ақпараттарды тез түсініп, қабылдау қабілеттілігін, іскерлік қасиетін дамытып, жеке тұлға етіп тәрбиелеудің орны ерекше.

Қазіргі жаһандану заманындағы оқытудың мақсаты – ана тілін құрметтеу, еліміздің тарихын жетік білу, әдет - ғұрпымыздың, салт - дәстүріміздің сан қырлылығын игеру, шешендік өнердің алуан түрлі сипаттары арқылы оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру, ұлттық сана - сезімін ояту, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыру болып айқындалады. Әр оқушыны жеке тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін шыңдау, шығармашылықпен жұмыс жасауға талаптанған әрбір мұғалім әдебиеттегі көркем мәтінді ұлттық құндылықтармен өзектестіре оқыта отырып, оқушының жан - жақты қабілеттерін дамыта алады.

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.

Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс - тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Міне, біз бүгін «Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір - біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», - деп А. Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.:
1. Қызығушылығын ояту - жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Жаңа технология арқылы баланы оқыта отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян - қолтық қарым - қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Өзімізге сыни тұрғыдан ойлауымыз керек.[1] Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда оқушылардың бір - бірімен ақылдасуы, оны топтан біреуінің шығып айтуы, ал болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді.

2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды, тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды және басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір оқушы шығып ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.
3. Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды. Бұл модульдің нәтижесі көп. Атап айтар болсам, ой – пікірін ашық, еркін айту, бір - бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, сабақ - білім естерінде көп уақытқа сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір - біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады. Сондықтан ең жақсысы - балалар оқу тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге бір - бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру».
Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл - ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Мұғалім әр баланың білім дәрежесі қаншалықты екенін саралап алғаннан кейін, оның алға жылжуына ықпал етуге міндетті.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»- деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек.

Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.
1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек
4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.
Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін - өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан – жақты білім алуына көмектеседі. Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!
Пайдаланған әдебиеттер:
1. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы: 2013ж
2. Қазақстанда бастауыш мектеп №2. 2013ж
Кері қайту
Ілмек сөздер: Жаңа технология арқылы баланы оқыта отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Кайрбеков Жумат

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:28 #9309

1-ші сұрақ бойынша: шығармашыл тұлға - өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Әрбір шығармашыл тұлға өзіндік жаңа әдіс - тәсілдермен ерекшеленеді.Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттар орындалу тиіс.
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

2. дарынды балалар үш категориядан тұрады. Олар:
1. Ақыл – ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқалатын балалар;
2. Пәндерге және әр түрлі іс-әрекеке қабілетті балалар;
3. Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар.

3. Бала өзі ізденуші, бір - біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады.
1. Қызығушылығын ояту - жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену процесі.
2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі.
3. Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді.
4.түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз ету
5. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
6. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.
7. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Имангазы Мариям

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:32 #9310

  • Дана Нургазинова
  • Дана Нургазинова аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 1
  • Спасибо получено: 1
  • Репутация: 0
Қосымша білім беру мектептеріндегі ең негізгі мәселелердің бірі - шығармашыл тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қосымша білім беру мектебіне қатысатын оқушылардың барлығы дарынды тұлға. Себебі олар өздерінің сүйікті ісімен айналысып,толыққанды меңгеруге тырысады. Сол себепті әрбір қосымша білім беру мектебіндегі ұстаздар әр боланың бойындағы даралық ерекшеліктерін анықтап, сол бойынша жұмыстар атқару керек. Оқушыны қызықтырып, тарта білулері қажет. Әр ұйымдастырылған сабақ үлгісі екінші өтетін сабаққа ұқсамау қажет. Яғни сізге келетін баланың талабын қанағаттандыру қажет. Мысалы вокал бөліміне қатысатын оқушы эстрада жанрынан гөрі халық әндерін, халықтық нақышта орындалған әндерді ұнатады. Олай болса сол бағытта жұмыстар жасап, баланың қалыптасуына жағдай жасау қажет.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Спасибо сказали: Имангазы Мариям

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:32 #9311

Шығармашылық тұлға қалыптастыру әдіс – тәсілдері балалардың бейімділігін анықтау
Әр саламен жұмыс жасау және бейімділігіне байланысты баланы шығармашылыққа баулу
Дарынды балаларды дамыту жолдары педагог өзі тәжирибелі болу қажет және өнер саласында баларарды неше түрлі сайыстарға дайындау
Көшбасшы қалыптастырудың заманауи технологиялары заман талабына сай матиралдарды қолдану балалармен қосымша ақпараттар арқылы үнемі ізденісте болу
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:34 #9312

  • Рахимова Алия
  • Рахимова Алия аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 2
  • Спасибо получено: 1
  • Репутация: 0
2. Дарынды балаларды дамыту жолдары:
1. Кешенді бағалау принципі.
Баланың интеллектуалдық қабілеттілігінің даму деңгейінен Зерттеуші үшін баланың шығармашылық қабілеттілігінің дәрежесін, психо-әлеуметтік және физикалық даму деңгейін зерттеу маңызды бола бастайды.
2. Ұзақ мерзімдік принцип.
Балалар дарындылығының деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін диагностикалық жұмыстар
3. Тренингтік әдістер мен тапсырмаларды қолдану керек.
4. Баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескеру керек.
5. Диагностикалық экологиялық әдістерді тірек ету принципі.
Экологиялық әдістерді баланың жасанды, зетханалық жағдайда емес кәдімгі жағдайдағы мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау әдістері жатады.
6. Әр түрлі мамандардың қатысуымен сабақтар жиі өткізу керек.
7. Балалардың өз дарындылығын бағалауға қатысып отыру керек.
Баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:34 #9313

Көшбасшы қалыптастырудың заманауи технололгиялары қандай?
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі «Ең әуелі мектепке керегі терең білімді педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта алатын мұғалім. Екіншісі, оқыту ісіне керек құралдар һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы», -деп тілші-ғалым А.Байтұрсынұлы атап өткендей қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - мұғалімнің еліміздегі жүргізіліп жатқан білім беру саясатындағы және әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың заманауи құралдарын өз тәжірибесінде ықпалдастыру арқылы оқыту сапасын арттыруға бағдарланғаны. Қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделу қабілеті бар, өз жолын дұрыс таңдай білетін және оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Білім беру саласында қол жеткізген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жәй ғана иеленіп ғана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып отыр. Қазақстан Республикасының пелагог кадрларын оқытудың бірінші деңгейлі бағдарламасын игерген мұғалім ретінде өз мектебімнің бастапқы жағдайына зерттеулер жүргізу барысында оқыту мен оқу үдерісіне шын мәнінде өзгерістердің қажет екенін түсіндім. Инновацияларды енгізген кезде білім беру саласының басшылары оның түбегейлілік,өзектілік, айқындаушылық сипатына, бүкіл білім беру жүйесін өзгерте алатындығына сеніп, негізінен «Нені енгізу қажет?» мәселесіне басымдық береді. Инновацияның қажеттігінің шынайы себептерін, бұл инновацияны енгізу әсері неліктен, қандай жағдайда және қалайша алынады деген сұрақтардың жауабын анықтап алмай, «Неліктен біз біздің оқыту тәсілдеріміздіөзгертуге тиіспіз?», содан кейін мәселені шешуге бағытталып: «Біз бұны қалай істейміз?», тек содан кейін ғана – «Біз сыныпта не істеуіміз керек?»деген сұрақты алға тартады.
Последнее редактирование: 20 Май 2015 09:36 от Сейсенбаева Айдана.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:43 #9314

Шығармашылық тұлға қалыптастыру мақсатында оқушылар арасында түрлі әдіс-тәсілдерді ұйымдастырып отыру қажет. Ойындарды ұйымдастырып өткізіп көргізу, топтық жұмыстарды жүргізу.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:48 #9315

Көшбасшы қалыптастырудың заманауи технололгиялары қандай?
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі «Ең әуелі мектепке керегі терең білімді педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта алатын мұғалім. Екіншісі, оқыту ісіне керек құралдар һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы», -деп тілші-ғалым А.Байтұрсынұлы атап өткендей қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - мұғалімнің еліміздегі жүргізіліп жатқан білім беру саясатындағы және әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың заманауи құралдарын өз тәжірибесінде ықпалдастыру арқылы оқыту сапасын арттыруға бағдарланғаны. Қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделу қабілеті бар, өз жолын дұрыс таңдай білетін және оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Білім беру саласында қол жеткізген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жәй ғана иеленіп ғана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып отыр. Қазақстан Республикасының пелагог кадрларын оқытудың бірінші деңгейлі бағдарламасын игерген мұғалім ретінде өз мектебімнің бастапқы жағдайына зерттеулер жүргізу барысында оқыту мен оқу үдерісіне шын мәнінде өзгерістердің қажет екенін түсіндім. Инновацияларды енгізген кезде білім беру саласының басшылары оның түбегейлілік,өзектілік, айқындаушылық сипатына, бүкіл білім беру жүйесін өзгерте алатындығына сеніп, негізінен «Нені енгізу қажет?» мәселесіне басымдық береді. Инновацияның қажеттігінің шынайы себептерін, бұл инновацияны енгізу әсері неліктен, қандай жағдайда және қалайша алынады деген сұрақтардың жауабын анықтап алмай, «Неліктен біз біздің оқыту тәсілдеріміздіөзгертуге тиіспіз?», содан кейін мәселені шешуге бағытталып: «Біз бұны қалай істейміз?», тек содан кейін ғана – «Біз сыныпта не істеуіміз керек?»деген сұрақты алға тартады.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:49 #9316

шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған ... дамыту, яғни Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, ... ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын ...
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:52 #9317

Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймыз. Бастапқы негізді білу кез — келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйрде айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 09:55 #9318

Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. ... «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік ... жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу .... Қазақ зиялыларының 1916 ж көтеріліске көзқарасы қандай
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 10:09 #9319

Шығармашыл тұлға қалыптастыру әдіс-тәсілдері ,оқушының бойына адамгершілік,парасаттылық,тәрбиелік жүйелерін қалыптастыру.
Дарынды балаларды дамыту жолдары,олардың шамаларына қарап шығарма таңдау,есту қабілетін дамыту,техникаларына жұмыс жасап түрлі қасиеттеріне байланысты конкурстарға қатыстыру.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Қосымша білім беру ұйымындағы мәселелер 20 Май 2015 10:12 #9320

3 сұрақ бойынша жауап- Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену жолында. ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Біздің қоғамымыз белгілі ғылым және білім саласында талантты мамандарға және еліміздің жаңа белестерге көтерілуіне білімді азаматтар қажет екенін жақсы түсінеміз. Сол білімді азаматтарды тәрбиелеу – педагог мамандардың бірден–бір міндеті. Олармен жұмыста белгілі нәтижеге қол жеткізу-бүгінгі күннің алдындағы маңызды да өзекті мәселе болып қала бермек. Сондықтан оқушыларға жоғары деңгейлі білім беруде педагог:

-ұйымдастырушылық;

-ақпараттық-коммуникативтік;

-педагогикалық-психологиялық;

-оқу үрдісін жаңаша жоспарлай білу сынды шеберлік критерийлерін ескеруі қажет.

Жаңарту бағдарламасы білім беру процессінің барлық жақтарын және білім беру мазмұнын қозғайды. Оның міндеті жаңа бағытқа – әлеуметтік – экономикалық шарттардың тез ауысуына, Отандық білім беру жүйесі дәстүрлі түрде білімді оқудың нысанасы ретінде бағдарланады.

«Білуші түлек» әлеументтік талаптарына сай болудан қалып барады. Сондықтан, бағалы бағдары бар «Шығармашыл түлекке» деген сұраныстар пайда болды. Бұл мәселенің шешімі білім берудің біліктілік ықпалы болды.

«Құзырет» және «Құзыреттілік» сөздерінің синонимдік мағынасын қарастырамыз.

«Құзырет» – практикалық тәжірибенің, ұсталықтың және білімнің негізінде ойдағыдай әрекет ете білу

«Құзыреттілік» – тұлғаның білім мен тәжірибеге сүйене отырып, жалпы қабілеттілігі мен жігерлілікке даяр болуы, интегралдық сапасы.
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.304 секунд