Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: Мектеп кітапханасындағы инноватика

Мектеп кітапханасындағы инноватика 11 Сен 2015 10:30 #9413

Құрметті әріптестер!
Бүгінгі ақпараттар тасқыны кезеңіндегі мектеп кітапханасының рөлі қандай?
Қоғам талаптарын кітапхана қызметі қаншалықты қанағаттандыра алады?
Білім беру ұйымдарындағы заманауи кітапхананың моделі қандай болмақ?
Мектеп кітапханашысының кәсіби біліктілігі қандай деңгейде?
Мектеп кітапханашыларына арналған курстар сіздің қажеттілігіңізді қаншалықты қанағаттандырады?
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Мектеп кітапханасындағы инноватика 23 Сен 2015 04:23 #9586

Дуйсембек Ботакоз Достық орта мектебі кітапханашы


Карканова Жулдуз Успен №3 жалпы орта білім беру мектебі кітапханашы



Қасиетті құрбан айт кабыл болсын!
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Мектеп кітапханасындағы инноватика 23 Сен 2015 04:34 #9594

Мурат Акшолпан - Сарықамыс ЖОББМ (Екібастұз ауданы), Жунусова Гульзира - М.Әуезов атындағы №42 ЖОББМ, Шарипова Куралай - Майқоңыр ЖОББМ (Ертіс ауданы), Кенжебаева Гульсум Т. - Сарышығанақ ЖОББМ (Ақсу қаласы), Мукушева Лайля С. - К.Оспанов атындағы №3 Қашыр ЖОББМ (Қашыр ауданы, Тереңкөл ауылы), Жумабаева Гульнар И. -№1 Успен ЖОББМ, Омирбек Меруерт - Қанаш Камзин ЖОББМ (Ақсу қаласы), Канапина Роза К. - Жаңа жұлдыз ЖОББМ (Железин ауданы, Жаңа жұлдыз ауылы) кітапханашылары атынан.
Құрметті әріптестер, бүгінгі форумда сіздерге сәттілік тілейміз. Форумда көтеріліп жатқан тақырып өте өзекті. Қазіргі таңда мектеп кітапханасыз, кітапханашысыз жұмыс жасай алмайды. Кітапханашы ол әрқашан болды және әрқашан болады. Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуде тәрбиелеу кітаптың еншісінде. Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен, атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады.Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіп, көрмелер ұйымдастырылады. Кітап –адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл- кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап-біздің рухани жан-азығымыз. Қазіргі кездегі мектеп кітапханаларының өзекті мәселелерінің бірі– жаңа технология, интернет жүйесіне қосылған компьютердің болмауы. Болашақта осыларды дамытып, компьютерлерімізді желелерге қосу. Иә, кітапхана-кітаптар мекені. Кітап –білім бұлағы, білім көзі. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Ал бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуды түрлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз. Еліміз үшін елеулі күндерді естен шығармау – кітапханашы жұмысының бір тармағы деп танып, түрлі шаралар, кездесулер кітапханамен байланысты өткізіледі. Жаңа заман талабына ілесу-әр кітапханашының міндеті деп білеміз. Шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені кітапхана болса, кітапханашы –тілімізді, дінімізді, рухани байлығымызды насихаттаушы мамандық дер едік. 21 ғасырдың кітапханашысы - білімді, білікті, жан-жақты, адамгершілігі мол, төзімді болу керек.
Кітапханашыларға арналған курстар көбірек болса дейміз. Оның мақсаты кітапхана мамандарын қазіргі заманауи кәсіби біліммен қамтамасыз ету және оны тәжірибеде пайдалану, бүгінгі талапқа сай кітапханашылардың біліктілігін арттыру, электрондық ақпараттар базасын жетік меңгеру болып табылады.
2015 жылғы 21 қыркүйек күні басталған кітапханашыларға арналған біліктілігін көтеру курсына келгенімізге өте қуаныштымыз. Курс басталғалы дәріс оқып жатқан Б.Құдайбергенұлы, Қ.М.Бихиенова, С.К.Шабажанова сияқы дәріскерлерді тыңдап, көптеген мәліметтер алдық. Келгенімізге 3 күн болса да курс қатты ұнап жатыр. Бұл кісілердің еңбектеріңіздін зейінін көріп, жемісін тере беріңіздер дегіміз келеді. Білім беру ісіне сүбелі үлестеріңізді аянбай қосып жатқандарыңызға көптен көп рахметімізді айтамыз. Қасиетті Құрбан айт мүбәрәк болсын. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімберіңіз бен біліктіліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан зор. Алда келе жатқан мұғалімдер мерекесі құтты болсын. Біз сияқты шәкірттеріңіз көп болсын. Барлығыңызға алғысымызды білдіреміз!
Вложения:
Последнее редактирование: 25 Сен 2015 08:53 от Жунусова Гульзира .
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Мектеп кітапханасындағы инноватика 25 Сен 2015 08:47 #9650

Шугайв Кулиман г.Экибастуз Атыгайская СОШ, Мапитова Айгуль Павлодарский район Красноармейская СОШ, Серикова Сауле Павлодарский район, Чернорецкая СОШ № 1.
Құрметті әріптестер! Бүгінгі ақпараттар кезеңіндегі кітапханашылар заманауи технологияны жеттік меңгерген, сонымен қатар жан-жақты қарастырылған, кітапханашы болу қажет. Білім беру ұйымдарда жұмыс атқаратын кітапханашылар өз біліктілігін жыл сайын жетілдіріп отыру керек деп ойлаймыз. Біздің кітапхана тарихында жас кітапханашылардың бүгінгідей көпшілік, форум алғаш рет өтіп отыр десек болады. Сондықтан, барлық қатысушыларға қош келдіңіздер дегім келеді. Бүгінгі күні жастардың қоғам өміріндегі ролі күн өткен сайын маңызды болып келеді. Алдыңғы шепке серпінді, креативті, заманауи ой-пікірі бар жас кəсіпқой мамандар шығатын уақыт туды. Кадрлік қорларға, біріншіден жастарға инвестиция жұмсау – кітапхана мекемелерінің бəсекеге қабілетті болуына бағытталған ұзақ мерзімге бөлінген қаржы болып табылады. Жақсы дайындығы мен дұрыс ұйымдастырушылық қабілеті бар қызметкерлер кітапхана тағдырын анықтайды. Кітапханаға негізінен маман емес қызметкерлер келетіні белгілі.
Əрине, кітапханашы мамандығы əрқилы білім мен шеберлікті талап ететіндіктен, бір себептен жаман да емес. Жастар – еліміздің болашағы, кітапханалық жастар – үшінші мыңжылдықтағы кітапхананың болашағы. Дəл бүгінгі жас кітапханашылар белсенді түрде кітапхананы əлемдік ақпараттық кеңістікке шығару борышын өздеріне артулары керек. Ал бұл міндет кітапханалық жастардан белсенділік пен жаңашылдықты талап етеді. Жаңартпашыл ойлау қабілеттері олардың кəсіби ойлау қабілеті болу керек.
Осы өтіп жатқан курс өте жоғарғы деңгейде өтіп жатыр десек болады. Барлығымыз осы курста бір сатыға жоғары деңгейде болдық деп айтсақ артық емес.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Мектеп кітапханасындағы инноватика 25 Сен 2015 08:48 #9651

Досжанова Шолпан Екібастұз қаласы №28 ЖОББМ

Идрисова Баян Павлодар қаласы №24 ЖОББМ

Татыбаева Мадина Екібастұз қаласы, Ақкөл ЖОББМ

Ең біріншіден осы форум құрғандарыңызға көп рахмет. Форумда қазіргі заманға сай сұрақтар қарастырылған. 21 қыркүйектен бастап өтіп жатқан мектеп кітапханашыналарына арналған курстар кітапхана қызметін қоғам талаптарына сай жұмыс жасауға зор үлес қосады. Осындай курстар 5 жылда бір емес жиі өткізіліп тұрса дейміз. Бүгінгі білім саласында болып жатқан өзгерістер мектеп кітапханашысынан да жаңа біліктілік пен білімді талап етіп отыр. Бүгін мектеп кітапханасының автоматтандырылған жүйесін енгізу маңызды рөл атқарады. Сол арқылы кітапханаларды әлемдік стандарт деңгейіне көтеруге мүмкіндік бар. Мектепте өкінішке орай, автоматтандырылған толық мектеп кітапханасы жүйесіне көшуге мүмкіндік жоқ. Дегенмен бетбұрыс бар. Мектеп кітапханасын автоматтандыру кітапхананың қызметін қолжетімді әрі ашық ете түседі. Қазіргі мектептегі кітапхана жұмысында көбінесе, оқырманмен көпшілік жұмыс түрлері жиі ұйымдастырылады. Базаны әлі де электронды нұсқаға толық аударған жоқ. Болашақта осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек. Бүгінгі күні мектеп кітапханашысы ақпараттық ортаны қалыптастыру бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіп жатыр.Курс осы бағытта біз үшін аса пайдалы болды.
"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұстаздарына жұмыстарына сәттілік тілейміз!
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.348 секунд