Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: Тілдік дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелері

Тілдік дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелері 14 Фев 2017 09:00 #15416

Құрметті әріптестер!

Бүгінгі күні білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға баса назар аударылып отыр. Жаңарған білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, өзіндік тәжірибе қалыптастырып жатқан әріптестеріміздің алғашқы жұмыс нәтижелерімен танысқымыз келеді. Сондықтан да сіздерді желілік қауымдастықта пікірлесуге, өзара тәжірибе алмасуға шақырамыз.

1. Сонымен тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен, неге баса назар аударуымыз керек?

2. Қандай өзекті мәселелер туындап жатыр?

3. Туындаған мәселелерді шешудің оңтайлы тәсілдері қандай?

4. Жаңа бағдарламаның артықшылықтары неде?

Бұл талқылауға өз үніңізді қосуыңызды сұраймыз.
Последнее редактирование: 14 Фев 2017 09:01 от Салтанат Шабажанова. Причина: 2
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Тілдік дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелері 14 Фев 2017 09:14 #15417

Салеметсіздер ме, әріптестер. Менің бұл бағдарлама барысындағы тәжірибеден түзілген пікірлерім төмендегідей:

1. Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен, неге баса назар аударуымыз керек?
Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет.
Мұғалім әр сабағын жоспарлағанда бүгін нені үйретем? оны қалай үйретем? не арқылы үйретем? не үшін үйретем? деген сұрақтарды басшылыққа алып, мақсатына жетуде әдіс-тәсілдерінің ең тиімдісін қарастырып, оқушының назарын өзіңе аударуға бар күш-жігерін жұмсауы керек.

2. Қандай өзекті мәселелер туындап жатыр?
1) 1-сынып оқушыларының суммативті бағалау тапсырмаларында тапсырмалардың оқушылардың жас ерекшелігіне сай келмеуі. (басқа ұлт өкілдерінің балалары өз ойларын қазақ тілінде ашық түрде білдіруге әлі дайын емес)
2) Уақыт тапшылығы (тапсырмаларды орындауға берілген уақыттың аздығы – 25 минут қана).

3. Туындаған мәселелерді шешудің оңтайлы тәсілдері қандай?
Басқа пән мұғалімдерімен, сынып жетекшісімен, мектеп тренерлерімен өз мәселесімен бөлісу, бірлесе отыра шешу жолын іздеу. Оқушының жас ерекшелігіне сай, қызығушылығын оятатын тапсырмаларды қайта қарастыру.

4. Жаңа бағдарламаның артықшылықтары неде?
тереңдетілген
- мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен білім алудың жолын көрсетеді;
- оқушының өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсетіп, өзін-өзі бағалай алуға, сыни тұрғыдан ойланатын әлеуметтенген жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейді;
- оқушылар мұғалімнің қолдауымен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді;
- оқушының өз-өзіңе деген сенімділігі оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын дамыған тұлға қалыптасады.

Рахпанова Кенжегүл Нұртайқызы, Майқайың №2 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Последнее редактирование: 14 Фев 2017 09:15 от Кенжегуль Рахпанова. Причина: 1
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Тілдік дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелері 14 Фев 2017 09:41 #15418

Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Білім беру мазмұнын жаңартудың мен байқаған артықшылықтары: сабаққа қойылатын оқу мақсаттары айқын, анық; жаңа оқу бағдарламасы құзыреттілік тәсілге негізделген; үштілділік оқыту моделі енгізілген; оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді; өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көреді және жиынтық бағалау мен қалыптастырушы бағалаудың енгізілуі; оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерхзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру.

Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған қосымша беріліп отырған дискісі мен №1,2,3 жұмыс дәптерлері үлкен ықпалын тигізіп жатыр.
Туындап жатқан өзекті мәселелердің бастысы материалдық базаға байланысты, себебі, барлық сыныптарда компьютерлер мен интерселсенді тақталар орнатылмаған.

Жагипарова Маржан Толегеновна, Ақсу қаласы №4 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Тілдік дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелері 14 Фев 2017 09:43 #15419

1. Қазіргі заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау- басты мақсат. Тілді оқыту оңай іс емес екені айқын. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет.

2.Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты - оқушының қазақ тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру

3. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу біліктілігін дамытуда тіректерді коллаж ретінде пайдалану тиімді болып отыр, себебі ол обьектіге және оның компоненттеріне жан-жақты қарауға, бірден зейін аударуға мүмкіндік береді.

4. Жаңартылған бағдарламаның артықшылықтары:
- негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.
- барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым
-критериалдық бағалаудың еңгізілуі.
- оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге арналған бағдарлама

Абилова Айгүл Накышпановна, Ақсу қаласы №4 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Тілдік дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелері 14 Фев 2017 09:45 #15420

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілінен тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен айтылым,тыңдалым,оқылым,жазылым әрекеттеріне баса назар аудару керек. Оқушылардың сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту. Оқушылардың сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыру. Бала тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн.

Айтылым , жазылым,тыңдалым,оқылым дағдыларын дамытуда , тілді еркін игеріп,қарым-қатынасқа түсе алады. Алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.

Қазіргі кезеңде өзекті мәселе ретінде мемлекеттік тілді үйрету болып табылады.
Яғни өзге ұлт өкілдеріне қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын таба білу және оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.Сонымен қатар алдымызда отырған оқушылардың Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілікті сезіну.

Сондықтан бастауыш сыныпта пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізу күнделікті дағды болып қалыптасады. Рөлдік ойындар,талдау,проблемалық мәселелерді шешу-жаңа форматты сабақтың құрамдас бөлігі болып табылады.
Жаңа бағдарламаның артықшылығы-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолданамыз.(бірлескен оқу,моделдеу т.б) Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.

Каирбаева Ляйлаш Амантаевна, Майқайың №2 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Тілдік дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелері 14 Фев 2017 09:47 #15421

  • Картова Алия
  • Картова Алия аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 1
  • Репутация: 0
1.Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен, неге баса назар аударуымыз керек?
Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен, білім беру стандартын, оқу бағдарламасын мұқият оқып қандай нәтижеге жетуді талап етілгені туралы біліп алу қажет.

2. Қандай өзекті мәселелер туындап жатыр?
Сабаққа дайындалуда дидактикалық материалды дайындау жұмысы көп уақыт алады, сондықтан оқулықтың мазмұнына сай дидактикалық материалдар әр оқушыға болса, онда 1-сынып оқушысының материал қабылдауына оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.

3.Туындаған мәселелерді шешудің оңтайлы тәсілдері қандай? Дидактикалық материалдар жасау.

4. Жаңа бағдарламаның артықшылықтары неде?
Жаңа бағдарламаның артықшылығы - тілдік дағдыларды дамыту арқылы тілге үйрету.

Картова Алия Шапигиновна, Шарбақты ауданы №3 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Тілдік дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелері 14 Фев 2017 09:49 #15422

  • Юлат Жумадилов
  • Юлат Жумадилов аватар
  • Вне сайта
  • Осваиваюсь на форуме
  • Сообщений: 21
  • Спасибо получено: 1
  • Репутация: 1
1-сыныпта оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру үшін үнемі ауыз екі тілде сөйлесу дағдысын дамытып отыруымыз керек. Ол үшін оқу бағдарламасына сәйкес оқулықта берілген сөйлеу үлгілерін оқушыларға қайталата отырып жетілдіруіміз қажет.

1-сынып оқушыларының тілдік дағдысын қалыптастыру мен дамыту барысында өзекті мәселелердің бірі оқулық тапсырмаларындағы сөйлеу үлгілерін барынша қайталау. Тиісті нәтижеге жету үшін оқушылардың сөйлемді түсініп, дұрыс жауап беруін қадағалау болып отыр.

Туындаған мәселелердің шешу жолдары үнемі ізденуді қажет ететіні сөзсіз. Оқулықтағы тапсырмалардың мазмұнына мән бере отырып, сабақ тақырыбына қатысты сөздер мен сөйлемдерді оқушылардың түсініп меңгеруіне ұмтылуымыз керек.
Жаңа бағдарламаның қызықты тұстары электрондық оқулықтағы шағын тапсырмалар. Берілген тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындайды. Алдағы уақытта тапсырмаларды сәл күрделендіруге болатын сияқты.

Жұмаділов Юлат Казелович, Екібастұз қаласы №6 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Тілдік дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелері 14 Фев 2017 09:52 #15423

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі - құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау,

АКТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі- спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра, тапсырмаларды, ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесінде өтіп жүр. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

Сейтахметова Гүлмира Бекболатовна, Шарбақты ауданы №2 НББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Тілдік дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелері 16 Фев 2017 09:40 #15426

Әріптестер! Сіздермен бейне сабағыммен бөлісуді жөн көрдім...

Последнее редактирование: 16 Фев 2017 09:46 от Сейтахметова Гүлмира.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

Тілдік дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелері 20 Фев 2017 09:21 #15429

  • Юлат Жумадилов
  • Юлат Жумадилов аватар
  • Вне сайта
  • Осваиваюсь на форуме
  • Сообщений: 21
  • Спасибо получено: 1
  • Репутация: 1
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.286 секунд