Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня

ТЕМА: «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби біліктерін дамытудың өзекті мәселелері»

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби біліктерін дамытудың өзекті мәселелері» 25 Дек 2017 05:10 #18469

  • admin
  • admin аватар
  • Вне сайта
  • Администратор
  • Сообщений: 5
  • Репутация: 0
Құрметті әріптестер, білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру өзектілігі артып келеді. Себебі шешімін таппаған өзекті мәселелер баршылық, бұл бағытта өз ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар.
Администратор запретил публиковать записи гостям.

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби біліктерін дамытудың өзекті мәселелері» 05 Фев 2018 09:46 #18513

Абилова Айгуль Накышпановна, Ақсу қаласы №4 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру қай кезде де өзекті. Себебі педагог өз біліктілігін арттырып отырмаса уақыт талабынан шыға алмайды. Әсіресе, бұл жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламалары енгізілгеннен кейін тіпті арта түсті. Қазір педагогтердің кәсіби біліктілігін түрлі бағыттарда арттыру жүргізіліп жатыр. Соның ішінде "Өрлеу" БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастырып отырған алаңдар, шығармашылық топ жұмыстары маңызды деп айтуымызға болады. Бір жыл ішінде біз шығармашылық топ мұғалімдерімен бірлесе отырып, бірақтар жұмыстарды жүзеге асырдық. Ең бастысы - жұмысымыз жүйелі түрде әрі әдістемелік тұрғыда жоғары ұйымдастырылған жағдайда өтті. Біз осы бір жыл ішінде 4 отырыс жасадық. Тәжірибеге бағдарланған 3 семинар өткіздік. Шеберлік сағаттарын көрсеттік, "Педагогикалық шеберхана -2017" облыстық байқауына қатыстық. Әдістемелік ұсыным жаздық. Республикалық семинарларғда баяндама жасадық. 1 жылдың ішінде жүйелі жұмыс болмаса, мұндай бағытта жұмыстар жасай алар ма едік?! Жалпы "Өрлеу" БАҰО АҚФ бұл жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Бұл жұмыстар болашақта да өз жалғасын тапса дейміз. Көп рақмет!
Администратор запретил публиковать записи гостям.

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби біліктерін дамытудың өзекті мәселелері» 05 Фев 2018 10:10 #18514

Атабаев Берік Шоханович, Екібастұз қаласы №13 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі - қай кезде де маңызды тақырып. Сіздің сайттағы осы блокты ашып қойып, онда пікір алмасуға мүмкіндік бергеннің өзі бұл мәселенің өзектілігін арттыра түседі. Жаңартылған білім беру бағдарламалары енгізілгеннен кейін педагогтердің кәсіби пікір, тәжірибе алмасуға деген қажеттіліктері күшейе түскен секілді. Өйткені шешімін таппаған мәселелер көп. Біз "Өрлеу" арқылы өзімізідің кәсіби тәжірибемізді, біліктілігімізді арттырудың тамаша мүмкіндігін алдық деп ойлаймыз. Туындаған мәселелерді біз түрлі платформаларда тез талқылап, жедел көмек ала аламыз. Егер шығармашылық топ жұмысы жүйелі түұрде жолға қойылмаса, мұндай көмек ала алмас едік. Бір жылдан астам бірлесе жұмыс істеп, ауыз толтырып айтарлық нәтіижеге қол жеткіздік. Жұмысымызды халықаралық конференцияларда да жарияладық. Ең маңызыдысы - өзіміздің жетекшімізбен бірлескен жұыстар. Сол үшін рақмет! Болашақта да өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Форум жұмысына үлкен респект!
Администратор запретил публиковать записи гостям.

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби біліктерін дамытудың өзекті мәселелері» 05 Фев 2018 11:28 #18515

Каирбаева Ляйлаш Амантаевна, Баянауыл ауданы №2 Майқайың ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Иә, менің әріптестерімнің айтқан пікірлеріне қосыламын. Өте орынды мәселелерді айтып отыр. Жалып педагогтің кәсіби құзыретін арттыру уақыт талабынан туындап отыр. Онсыз педагог оқушыны дамыта алмайды. Қазіргі уақытта елімізде педагогтердің кәсіби құзыретін арттырудың түрлі амалдар ажсалған. Қашықтықтан, күндізгі, онлайн жүйесінде біліктілік арттырудың мүмкіндіктері аса көп. Осының ішінде "Өрлеу" БАҰО АҚФ жасап отырған жағдайды баса айтқым келеді. Біз курстан кейінгі кезеңде өзімізге қажетті көмек пен қолдауды мүмкіндігінше ала аламыз. Оған барлық жағдай жасаған. Мұғалімнің кәсіби құзыретін кеңейтіп, оны шеберлік деңгейіне жеткізу үшін шығармашылық топтар жұмысы жүргізіледі. Біз міне, екі жылға жуық уақыт ішінде "Өрлеудің" арқасында өзімізге қажетті қолдаудың барлығын алдық деп айтуымызға толық негіз бар. Біз аудандық деңгейден өсіп, облыстық деңгейде кәсіби біліктілік арттыруға мүмкіндік алып отырмыз. Болашақта республикалық деңгейде тәжірибе алмасу болса деп армандаймыз. Сіздерге көп рақмет!
Администратор запретил публиковать записи гостям.

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби біліктерін дамытудың өзекті мәселелері» 06 Фев 2018 03:41 #18516

Шитенова Жанар Акановна, Екібастұз қаласы №16 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Құрметті форум қатысушылары! Көтеріліп отырған тақырып расында да, өзекті. Педагогтің кәсіби дамуы үшін ең алдымен, мемлекет мүдделі болуы керек деп есептеймін. Экономиканың өркендеп, өрлеуі, өсуі барлығы да педагогтің берген біліміне байланысты. Бүгін жаңартылған білім беру бағдарламаларының енгізлуіне байланысты педагогтерді кәсіби дамыту жан-жақты жүргізіліп жатыр. Желілік қоғамдастықтар, шығармашылық топтар, әлеуметтік онлайн консультацтиялар дер кезінде мұғалімге қолдау көрсете алады деп ойлаймын. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби шыңдалуы үшін түрлі кәсіби байқаулар мен сайыстар, курстар өте көп. Тек мұғалімнің өзінің ынта, жігеріне байланысты. "Өрлеу" БАҰО АҚФ арқылы да біз курстан кейінгі кезеңде өзімізге қолдау алып отырмыз. Өткенде ғана "Білім беру мазмұнын жаңарту: құндылықтар, мәселелер, бағдарлар" облыстық вебинарына жалпы мектеп мұғалімдері болып қатыстық, өз пікірілерімізбен бөлістік, ойымызда жүрген сауалдарымызды жолдадық. Жалпы мұндай платформалар осы институтта өте көп. Бұл дәстүр баяғыдан келе жатқанын да айта кетуіміз керек. Енді тек үзілмесе деп тілейміз!
Администратор запретил публиковать записи гостям.

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби біліктерін дамытудың өзекті мәселелері» 06 Фев 2018 03:48 #18517

Кәсіби даму әр адамның өзі үшін қажет. Онсыз алға ілгерілеу, нәтижеге жету болмайды. Педагог кәсіби тұрғыда өсуі үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет. Мен 30-ға жуық педагогикалық өтілімде орыс мектебіндегі қазақ тілін оқыту бойынша түрлі әдістемелер мен технологияларды оқып, ізденумен келеді. Осы уақыт аралығында тамаша адамдармен таныс болдым, көп өзіме пайдалы нәтижелерге қол жеткіздім. Менің ізденіс көкжиегімді "Өрлеу" БАҰО АҚФ арқылы кеңейту мүмкіндігін алдым. 2 жылға жуық шығармашылық топта жұмыс істеймін. Өз тәжірибеммен аудан, облыс көлемінед бөлісу мүмкіндігіне ие болдым. Тренеріммен бірге мақала жазып Жапонияда өткен халықаралық конференцияа, ПГУ хабаршысына өз жұмыстарымызды жарияладым. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды көздеп отырмын. орум тақырыбы өзекті, оған үн қосқаныма қуаныштымын!
Администратор запретил публиковать записи гостям.
Время создания страницы: 0.268 секунд